М.Ж.Көпейұлы – Баянауылдың Қызылтауындағы Ашамай тасы деген жерде дүниеге келген қазақтың ұлы ойшылы, этнографы, шежіреші-тарихшысы. Ол тек ақын ғана болмады – бүкіл ғұмырын халықтың аузынан дерек жинауға, шежіре мен аңызды қағаз бетіне түсіруге арнады. Осы жолда ол Қазақстанның ұзақ жержерін шарлады, өзі аталап жүрген ауылдарды, қалаларды, қыстақтарды шығармаларында жанды тілмен суреттеп кетті. Сол елді мекен атаулары – бір жағынан тарихи деректер, екінші жағынан сол заманның тіршілік картасы.
Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл. Бұл елді мекен М.Ж.Көпейұлы шығармаларының іргетасындай, жылы ошақтай орталық нысан. «Баянауыл» атауының шығу тегі жайында бірнеше болжам бар. Тіл мамандарының бір тобы «бай» мен «ауыл» деген сөздерден туындаған деп санайды, яғни бай ауыл, береке-молшылық орны деген мағынада. Халық арасынан жеткен тағы бір нұсқада бұл атау жайылымы кең, суы мол, малға жайлы кеңістікті бейнелейтін «Байын-Аул» деген сөз тіркесінен пайда болған деп есептеледі. Баянауыл 1833 жылы Ресей патшалығының жарлығымен «сыртқы округ» ретінде ресімделді. Дәл осы кезден бастап бұл аймақтың ресми аты болды. Бірақ халыққа бұл жер бұрыннан жайлауы берекелі, оты шүйгін мекен ретінде белгілі болатын. М.Ж.Көпейұлы Баянауылды туған жер ретінде ғана емес, зерттеу мен ой-толғам орны ретінде де барынша жақсы білді. Баянауылдан кейін М.Ж.Көпейұлы ең көп аталатын елді мекен – Павлодар қаласы. Бұл қала ақынның сапарларында да, шығармаларындағы географиялық контексте де жиі кездеседі. Қазіргі Павлодар қаласының орнында орта ғасырлардан бері «Кереку» деп аталатын қазақ қыстауы болған. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Кереку» сөзі М.Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігінде» тіркелген «үй», «кереге» деген мағынаны беретін көне түркі сөзінен шыққан. Орыс әскерінің капитаны Унковский бұл алқапты қазақ қыстауларының атымен атағаны да зерттеулерде айтылады, яғни «Кереку жар» деген атаудан «Коряков Яр» деген бұрмаланған нұсқа шыққан. Уақыт өте «Яр» тіркесі алынып тасталып, Коряков Яр – Коряковскийге айналды. Демек «Коряков» деген атаудың өзі де байырғы қазақ жер атауының орысша бұрмалауы болып шықты. 1720 жылы осы жерге Ресей патшалығының Ертіс бойындағы әскери форпосты – Коряков бекінісі – орнатылды. Бұл кезде аймақ Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. 1838 жылы форпост Коряковская станицасы деп аталып, мәртебесі жоғарылады. Одан кейін 1861 жылдың сәуір айында жергілікті көпестердің өтінішімен – орыс патшасы Александр II-нің жаңадан дүниеге келген Павел атты ұлының құрметіне – станица «Павлодар» деп аталды. «Павлодар» – «Павелдің сыйы» деген мағынаны беретін орысша атау. М.Ж.Көпейұлы туған сол кезеңде, яғни 1858 жылы, Павлодар жаңа ғана «Павлодар» болып мәртебесін алған тұс еді.
М.Ж.Көпейұлы шығармаларындағы Павлодар – оның аралап, тіршілік картасын сызып берген аймақтардың бірі. Ол Омбыдан Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар, Ақмола жерлеріне дейінгі ауылдарды аралаған. Ол кезде Павлодар уезінің орталығы Семей облысына бағынатын, яғни 1868 жылғы реформадан кейін осылай бекіген әкімшілік жүйе бойынша басқарылды. Осы кезеңде рулық атаулары бойынша белгілі болған болыстар мен ауылдар жер-су атауларымен алмастырыла бастады. М.Ж.Көпейұлы осы атмосферада тіршілік еткен – оның аралаған жерлерінде байырғы қазақша атаулар ел аузында ғана сақталып, ресми картаға кіргізілмеді. М.Ж.Көпейұлы кесенесі осы облыстың Баянауыл ауданындағы Ескелді ауылында тұр – туған жерінің орталығы Павлодармен тарихи жіппен байланысқан.
Семей қаласы М.Ж.Көпейұлының өмірінде де, шығармашылығында да ерекше із қалдырды. Ақын осы қалаға бірнеше мәрте барды, ел ақынзиялыларымен, оқымыстыларымен кездесті. «Семей» деген атаудың шығу тегіне байланысты тарихшылар арасында бірнеше пікір бар: бір зерттеушілер «Семіз» немесе «Семізқол» деп аталған байырғы қазақша атаудан шыққан деп санайды; тағы бір нұсқа – орыстардың «семь палаток», яғни «жеті шатыр» деген тіркесінен. Кеңес дәуірінде бұл қала «Семипалатинск» деп орысша аталды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының заңнамалық шешімімен «Семей» деген тарихи қазақша атауы ресми қалпына келтірілді. М.Ж.Көпейұлы шығармаларында аталатын «Семей» осы тарихи атаудың ең ерте жазба дәлелдерінің бірі. «Хал-ахуал» атты еңбекте ол өз заманының ел тіршілігін суреттегенде Семей өңірінің халқы туралы да ой қозғайды. Ол кезде Семей қаласы Семей облысының орталығы болып, Ресей патшалығының Сібірдегі ірі сауда-экономикалық тірегі еді. Осы қала арқылы Қытай мен Орта Азияны байланыстырған керуен жолдары өтті. Жәрмеңкелерде мал, тері, жүн сатылды. М.Ж.Көпейұлы сол жәрмеңке ортасын бейнелейді; малдың бағасы, саудагерлердің алдампаздығы, кедейлердің зары – «Хал-ахуал» кітабындағы тіршілік сурет осы қалалардың нақты өмірінен алынған. Семейдің «Семипалатинск» деп аталуы жайлы ол ешнәрсе жазбаса да, бізге ойланарлық бір нәрсені қалдырды: ол шығармаларының бәрінде «Семей» деп жазды. Орыс жазбаларында «Семипалатинская крепость» деп аталған бұл қаланы ол орысша атаумен емес, халық аузындағы нұсқасымен атады. Бұл кішкентай бір үлгі – ақынның тілге деген позициясын айқын аңғартады. Ол жазбалары арқылы байырғы атауды пайдалана отырып, соны болашаққа жеткізді. М.Ж.Көпейұлы сапарларында халықтың аузынан деректер жинаумен, аңыздарды тіркеумен айналысты ал Семей оның жол үстіндегі демалыс орны ғана емес – сол деректерді жинаудағы маңызды мекеннің бірі болды. Семейдегі ауыр хал-жайдың, отарлық кезеңдегі кедейленудің, бай мен кедейдің айырымашылығының суреті оның «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптарында нақты шындықпен бейнеленген. Семей бекетінде, сауда мекемелерінде тіршілік еткен орыс, татар, қазақ, қытай – бәрінің арасын аралаған ақын адамның мінезін, халықтың тіршілігін осы қала тіршілігінен тамашалады. Семейдің атауы туралы да бірнеше болжам бар: кейбір зерттеушілер «семіз» – яғни «малы мол, байлығы жетерлік жер» дегеннен шыққан деп есептейді; тағы бір нұсқада орыс тілінде «семь палаток», яғни «жеті шатыр» деп аталғаннан деп санайды. Мен екі болжамды салыстырсам, «семіз» нұсқасының тарихи логикасы анағұрлым күшті сияқты – өйткені қазақ жер атауларының абсолюттік көпшілігі сол жердің табиғи қасиеті немесе малға жайлылығы негізінде қойылады, орыс деректері негізінде емес. Семей жерінің малға жайлы, орман-тоғайлы жазира өңір болғаны да осы пікірді нығайтады. «Жеті шатыр» нұсқасы тым жасанды, ол орыстардың өз бекінісін атауы сияқты естіледі. Кеңес дәуірінде «Семипалатинск» деп ресми аталды. 1921 жылы Семей облысы ресми бекітілді, бірақ атауы орысша сақталды. Айта кетерлігі, М.Ж.Көпейұлы 1931 жылы қайтыс болғанда, Семей өңіріндегі саяси жаңартулар, ауыл-аймақтарды коллективтендіру – бәрі де ақынның кеш шығармаларындағы үрейлі болашақ болжамдарымен сәйкес келеді. Ол «бөлініп жұрт екі жақ партиялап, қалмайды ұрғашыдай сол қиялап» деп жазды – бұл жолдар тек бір партия туралы ғана емес, жалпы ел бірлігінің ыдырауы туралы. Семей өңірі дәл осындай бытыраңқылықты, жаттанып-жатталуды кеңестік кезеңде ең ауыр бастан кешкен аймақтардың бірі болды. 2007 жылы «Семипалатинск» атауы «Семей» болып тарихи нұсқасына оралды. М.Ж.Көпейұлы бір ғасыр бұрын-ақ осылай жазған еді. Кейде бір ақынның қолжазбасы – заңнамалық шешімнен де ерте, жүздеген жыл бұрын дұрыс атауды сақтаушы болатыны осы жағдайда айқын көрінеді. Петропавл – М.Ж.Көпейұлы аралаған тағы бір ірі елді мекен. Ол Солтүстік Қазақстанның сауда-экономикалық орталығы болды. 1752 жылы Ресей патшалығының жарлығымен Петр І дәуіріндегі бекініс ретінде қалана бастады. Атауы екі христиандық алла-елшісінің – Петр мен Павелдің – есімдерін бірге атайды. 1804 жылы жүргізілген әкімшілік реформа бұл бекіністі қала мәртебесіне жеткізді.
М.Ж.Көпейұлы Петропавлды Солтүстік Қазақстанның мәдени-сауда мерказы ретінде атауымен қатар, бұл жерлерде кездескен ел ардагерлерінен жиналған деректерді де шығармаларына сіңірді. Ол кезде Петропавл ірі жәрмеңке орны ретінде де белгілі болатын, сол жәрмеңкелерге Сарыарқаның ауылдарынан малшы, саудагер, ақын-жыршылар ағылатын. Атбасар – М.Ж.Көпейұлы шығармаларында аталатын елді мекендердің ішіндегі маңызды аймақтардың бірі. «Атбасар» атауының мағынасы «ат базары» немесе «жылқы базары» деп түсіндіріледі. Осы жер Орталық Қазақстандағы мал саудасының орталықтарының бірі болған, ерте кезден бері малшылар жиналып жылқы алып-сататын жер ретінде атанған. М.Ж.Көпейұлы сол аймақтарды аралағанда Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен танысып, сырлас дос болды. Өз заманының оқымысты адамы болып, ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинастырды. Демек Атбасар М.Ж.Көпейұлы үшін тек тіршілік-сапар мекені ғана емес, рухани алмасу орны да болды. Ақмола елді мекені де М.Ж.Көпейұлы еңбектерінде орын алады. «Ақмола» атауының мағынасы – «ақ бейіт» немесе «ақ мола». Кейбір зерттеушілер бұл атауды аймақтағы ертедегі ақ мола – яғни ақ жауын-шашынмен ағарып тұратын биік молалармен байланыстырады. Кеңес дәуірінде Ақмола ауданы 1936 жылы Қарағанды облысының құрамына кіріп, 1939 жылдан бастап «Целиноград» аймағы деп аталды. 1961 жылы Целиноградқа айналды, 1992 жылы Ақмола атауы қайта берілді, 1998 жылы Астана деп аталып, 2022 жылы НұрСұлтан болып, 2022 жылы тағы да Астана деп қайтарылды. М.Ж.Көпейұлы қолжазбаларына жасалған талдаулар осы жерлердің бастапқы атауларының қандай болғанын айқындауға арналған маңызды дерек.
Жалпы, М.Ж.Көпейұлының еңбектеріндегі елді мекен атауларының тізімі – сол кезеңнің тірі картасы. Ол ауылдар мен қалалардың бір бөлігі бүгінде өзгерген атауымен белгілі, бір бөлігі мүлде жойылған немесе ірі аудандарға қосылып кеткен, бір бөлігі тарихи атауын тәуелсіздік кезінде қалпына келтірген. М.Ж. Көпейұлы тіршілік еткен XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы – елді мекен атауларының ресми орыстану кезеңі еді. Ол жылдары рулық-қазақша атаулар жойылып, орысша немесе идеологиялық атаулар кіргізілді. М.Ж. Көпейұлы бұл үдеріске саналы түрде қарсы тұрып, халықтың жеріне берген байырғы атауларын қолжазбаларында сақтауға тырысты. М.Ж.Көпейұлы «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде – 1993 жылы жарыққа шыққан бұл кітап жеке зерттеу нысаны болып саналады.Рулардың қоныстанған жерлерін, солар тіршілік еткен ауыл мен болыстарды нақты атайды. Арғын тайпасының Сүйіндік руы – оның өз руы – мекен еткен жерлерді шежіреде ерекше толықтықпен суреттеді. Шежіредегі ауыл атаулары ХIХ ғасыр картасымен салыстырғанда бірқатар сәйкестіктер табылды. Зерттеушілер осы деректер негізінде Сарыарқаның байырғы топонимиясын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде. Кеңес дәуірінің ең ірі атауларды өзгерту толқыны 1930-1950 жылдарда болды. Мысалы, Павлодар облысы аумағында Ресей отарлаушылар кезінде пайда болған орыс тіліндегі атаулар – Железин, Успен, Тереңкөл, Шарбақты, Ертіс – бұл аудандардағы ауылдардың тарихи атауларын жауып тастады. М.Ж.Көпейұлыаралаған сол аймақтарда байырғы қазақы атаулар ел аузында ғана сақталып қалды; ресми картаға кіргізілмеді. Тек кейінгі тарихшылар мен тіл мамандарының жұмысы арқылы кейбір атаулар шынайы тарихи нұсқасына оралды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Жер Кодексі мен Жер Комитетінің шешімдері бойынша жаңа атаулар берілу немесе тарихи атаулар қалпына келтірілу рәсімі жүйеге келтірілді. 1989 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Әкімшілік-аумақтық бөліну» анықтамалығында 10,8 мыңға жуық елді мекен атауы тіркелді Осы тізімдер мен М.Ж.Көпейұлы жазбаларын салыстырған кезде ғалымдар патшалық кезеңдегі атауларды анықтауға мүмкіндік алды. М.Ж. Көпейұлы ерікті түрде сапарға 43 шығып, ауыл-ауылды аралап, атауларды тіркеген адам ретінде, қазақ топонимика ғылымының алғашқы дереккөздерінің бірі.
Айдана Зарлыққызы ТӘҢІРБЕРГЕНОВА,
Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінің архивисі
