2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны, шарттары және тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес, «КЕНТ» баспа үйі» ЖШС 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін баспа және интернет алаңдарын ұсыну құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.
«КЕНТ» баспа үйі» ЖШС шарт негізінде мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттарға, оның ішінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға «Arqa Aqshamy» газетінде, https://arqaaqshamy.kz/ интернет-ресурсында және газеттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін ақпараттық алаңдар ұсынады.
#Үгіт материалдарын орналастыру құны:
- «Arqa Aqshamy» газетінің ішкі беттеріндегі жарияланымның 1 (бір) шаршы сантиметрінің құны – 120 теңге
- Дайын үгіт материалын https://arqaaqshamy.kz/ интернет-ресурсында орналастыру құны – 15 000 теңге
- Instagram әлеуметтік желісіндегі бір жарияланымның құны – 1 500 теңге
- Facebook әлеуметтік желісіндегі бір жарияланымның құны – 1 500 теңге
Үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен тәртібі
Газетте, интернет-ресурста және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда ақпараттық алаңдар кандидатпен немесе саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде ұсынылады.
Үгіт материалдары редакцияға жоспарланған жарияланым күнінен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын дайын баспа түрінде және электрондық нұсқада ұсынылуы тиіс. Баспа нұсқасының әрбір бетіне кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің қолы қойылуы қажет.
Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі редакцияға келіп түскен жазбаша өтініштердің тіркелу ретімен айқындалады.
Өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, материалдарды орналастыру кезектілігі жеребе тарту арқылы белгіленеді. Жеребе тарту рәсімі Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Үгіт материалдары редакция ұсынған шот бойынша 100 пайыз алдын ала төлем жасалғаннан кейін ғана жарияланады. Төлем шот берілген күннен бастап 3 (үш) банктік күн ішінде жүргізілуі тиіс.
Үгіт материалдарын орналастыруға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті сайлау қорларының қаражаты есебінен төленеді.
Сайлауалды үгіт материалдарында оларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілуі тиіс.
Барлық тіркелген кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыру үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды.
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімдерге сәйкес 2026 жылғы 1 қараша сағат 18:00-ден бастап 2026 жылғы 28 қараша сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.
«КЕНТ» баспа үйі» ЖШС
«Arqa Aqshamy» газетінің редакциясы
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы.
Интернет-ресурс: https://arqaaqshamy.kz/
